374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келесі жылы еліміздің мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

  • 838
  • UPD: 21:54, 24.03.2018

2019 жылдан бастап еліміздегі, мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі.

Жалпы орта білім беретін оқу орындарының оныншы, он бірінші сынып оқушылары «Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері» атты пәнді оқымақ. Тіпті бұл сабақ кейбір білім ошақтарында қазірдің өзінде өтіп жатыр. 

2019 жылдан бастап, «Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқыту жоспарланған. Оған жылына 68 сағат бөлініп, аптасына екі рет оқытылмақ. Аталған пән оқушыларға не береді? Оның пайдалы тұсы қандай? Бұл сұраққа мұғалім жауап береді. 

Гүлнар Кәрімова, мұғалім, экономика ғылымдарының кандидаты:

- Бұл пәнде тек қана экономика негіздері ғана емес, менеджмент, маркетинг, бизнес, кәсіпкерлік пәндері терең оқытылады. Қоғамды зерттейтін болсақ, қоғамның тек 5 пайызы ғана кәсіпкерлік қабілеті бар азаматар. Ал қалған азаматарға кәсіби ойлау қабілетін дамыту керек. 

Сондықтан негізгі мақсат - жастарды қаршадайынан бизнеске баулып, оларға кәсіпкерлік, экономика негіздері туралы базалық білім беру. Хош. "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" пәні қаладағы нөмірі бірінші мектеп-лицейінде биылдан бастап пилоттық жоба ретінде оқытылып келеді. Оқулық жаңа мазмұнда дайындалған. Мұғалімдер тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларды бизнес жоспар құруға да үйретеді.

Азиза Сұлтанова, оқушы:

- «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» оқулығы біздің мектепте тексеруден өткізілді. Осы кітап бізге өте ұнады. Өйткені мұнда көптеген мәліметтер бар. Және ол жоғары деңгейде дайындалған. Осы оқулық өте қажетті. Өйткені болашақта экономика саласымен жұмыс істеу үшін ол оқушыларға өте күшті және қажетті негізді береді.  

Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспары бар. Ал, жаңа пәнді кімдер оқытады десеңіз. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Бұл пәнді жүргізетін біздің мұғалімдеріміз болады. Бұл мұғалімдерді біз тиісті курстардан өткізіп жатырмыз. Сондықтан 2019 жылға дейін бұл өте мүмкін деп біз өзіміз санаймыз. Бұл өте маңызды. Өйткені айтып отырмыз жаңағы, шағын кәсіпкерлікті дамыту, микрокредиттерді беру деп айтып жатырмыз. Бірақ оған дайын болуы үшін жалпы біздің экономикамыздың дамуына өзінің үлесін қосу үшін әрине біз мектеп қабырғасынан бастап балаларымызға осындай сауаттылықты беруіміз қажет. 

Білім және ғылым министрлігінің «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған бұл жобасы әзірге мектептерде тек қосымша ретінде оқытылады. Бірақ баға аттестацияға енеді. Тағы бір жаңалық. Жаңа пәнді тек мектептерге емес, колледж бен жоғары оқу орындарының бағдарламасына да енгізу жоспарланып отыр. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Аят Дүйсенбаев

Осы категория бойынша: « Елордалық 3 студент тоғызқұмалақтың мобильді қосымшасын әзірледі Еліміздегі колледждерге қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы