365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқу грантының көптеп берілуі білікті мамандар қатарын арттырады

  • 317
  • UPD: 19:31, 27.03.2018

Мемлекеттік грантты көбейту білікті маманның артуына мүмкіндік береді.

Қазақстан президентінің бес әлеуметтік бастамасына Сингапурдың мұғалімдер кәсіподағының бас хатшысы Майк Тируман осындай пікірін білдірді. Елу бес мың гранттың бестен бір бөлігі техникалық ғылымға бөлінеді. Бұл мыңдаған студентке қаржы жағына алаңдамай, сапалы білім алуға сеп болады. Тируман осылай дейді.

Майк Тируман, Сингапур мұғалімдер кәсіподағының бас хатшысы:

- 75 мың студентке арнап, жатақхана салу бастаманың маңыздылығын көрсетеді. Жатақхана - бір-бірімен жақын араласуға, білімін сол жерде жалғастыруға, студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, интеллектін дамытуға мүмкіндік беретін орын. Ел ертеңі жастар десек, олардың әлеуметтік, тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларын дамытатын, сыни және креативті ойлау қабілетін дамытатын жер де сол жатақхана болмақ.

Осы категория бойынша: « Интернетке қосылған Қарқаралы мектептерінің ұстаздары қағазбастылықтан арылды Еліміздің барлық мектебінде сабақтар 25 мамырда аяқталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы