Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы «Ақылды үй» жобасын жасап шығарды

  • 799
  • UPD: 12:08, 30.03.2018

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Назерке Аманқосова «Ақылды үй» жобасын жасап шығарды.

«Жасыл технологиямен» жарақтанған ғимарат инженерлік желілерге тәуелді емес. Шатырына күн панельдері орнатылған автономды нысан тәулік бойы өзін-өзі электр қуаты және жылумен қамтамасыз ете алады. Ал кәріз суы бірнеше сатылы сүзгілеуден өткен соң үй төбесіндегі жылыжайға құйылады.

Жылыжайдың екі жағына екі ауа желдеткішін орнатамын. Бір ауа желдеткіші арқылы өсімдіктен өндірілетін оттегін тұрғындарға жіберсем, екінші ауа желдеткіші арқылы көмірқышқыл газын керісінше өсімдіктерге жіберемін. Сөйтіп өсімдікке де, тұрғындарға да пайдалы орта түзіледі.

Тұрғын үйдің жоғары қабатында тұратын адамдар оттегі жетіспеушілігінен зардап шегеді. Салдарынан еңбек қабілетінің төмендейтіні ғылыммен дәлелденген. Жоба авторының айтуынша, бұл мәселені баспана шатырына жылыжай орнату арқылы шешуге болады екен. Жасыл технологиялық кешеннен бөлініп шығатын оттегі ауа алмасу жүйесі арқылы пәтерлерге беріледі.

Назерке Аманқосова, НЗМ оқушысы:

– Көпқабатты тұрғын үй кешендерінде 5-қабаттан бастап оттегі жетіспей бастайды. Ал 1 және 5-қабат аралығында оттегі жеткілікті түрде жетеді. Себебі оттегінің массасы ауаның массаны қарағанда ауырлау, сондықтан ол көбіне жерге жақын жүреді. Сол үшін мен үйдің төбесіне жылыжай орнаттым. Осылайша көпқабатты тұрғын үй кешендерінде тұратын тұрғындарды ауа алмасу жүйесі арқылы оттегімен толық қамтамасыз етуге болады.

Дарынды оқушы әзірлеген келесі жоба да автономды. Қауыз жарған гүлге ұқсайтын ғимарат туристерге арналған. Әмбебап кешенді Каспийдегі шағын аралдарда тұрғызуға болады. Жобаның күлте жапырақ пішіндес бөліктерінің төбесі күн панельдері жабылған. Теңізге созылған әр құрылымда экстремалды спорт орталықтары және кеме тұрақтары орналаспақ.

Бекмұханбет Жұмаев, НЗМ оқытушысы:

Бүгінде таңда Каспий теңізінің аралшықтары мұнай өндірісіне арналған. Ұсыныс ретінде тастаған оқушымның идеясын жандандыру үшін мен кішкене тоқталып кетейін. Туризмді дамыту мақсатында көз тартымды құрылыс жасады. Тағы бір ерекшелігі бұл үйдің, кез келген аймаққа қоюға болады. Аралшықтың ортасына да қоюға болады. Себебі тәуелсіз энергия көзі бар, су тұщыту орталығы бар, тұщы су қорын қамтамасыз ететін сүзгілері бар.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің тағы бір оқушысы «жасыл технологиямен» жарақтанған саябақ жобасын жасап шығарды. Күн сәулесі мен желден қуат алатын кешенді шөлейтті өңірдің кез келген жерінде тұрғызуға болады. Шәкірттері көтерген бастамаларды жүзеге асыру үшін білім ордасының басшылығы инвесторлар іздестіріп жатыр.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Осы категория бойынша: « Алматыда жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастады Лондонда білім алып жатқан қазақстандық жас ғалымдар ғылыми форумда бас қосты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы