374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар ғарышта жеуге 2 жыл жарамды болатын нан шығарады

  • 444
  • UPD: 16:46, 02.04.2018
Ғалымдар ғарышта жеуге 2 жыл жарамды болатын нан шығарады

Бұл өнім міндетті түрде ғарышкерлердің тамақ мәзіріне кіретін болады.

Ресейлік дербес ғылыми институт директоры Марина Костюченконың айтуынша, мұндай нанды шығару үшін арнайы қоспалар қосылатын болады.

Атап айтсақ, заманауи орама және жылу, ультрафиолет, сәулені қолданып өңдеу өнім жарамдылығын арттыра түседі. Мұның өзінде нанның хош иісі, дәмі күнделікті Жерде жеп отырған нанымыздан ешбір ерекшеленбейтін болады екен.

Мұның барлығы ғарышкерлердің мәзірінде нанның маңызды орын алатынымен байланысты болып отыр. Ал осыған дейін аталған институттың мамандары шығарған нанның жарамдылық мерзімі 15 ай болатын.

informing.ru

Аударған: Г.Абилова

Осы категория бойынша: « Қарағандылық ұстаздар цифрландыру мәселесін халықаралық мамандармен талқылады ШҚО студенттері Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының игілігін көреді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы