374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық студенттер оқуға қатысты құжаттарды онлайн режимде алады

  • 259
  • UPD: 10:58, 13.04.2018

Қарағандылық студенттер оқуға қатысты құжаттардың 13 түрін онлайн режимде алатын болды.

Жаңашылдық «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық университетте енгізілген. Қызмет көрсету орталығындағы порталға келіп түскен анықтамалар автоматтандырылған ақпарат жүйесі арқылы реттеліп, тапсырыс берушіге қайта жолданады. Айта кету керек, бір ай бұрын ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығы 2000-нан астам адамды қабылдап үлгерді.

Жалғас Кәріқұл, ҚММУ 2-курс студенті: 

- Порталдың көмегі студенттерге жақсы тиіп жатыр деп айтуға болады. Мысалы айтатын болсақ, студенттік билеттерді, оқырман билеттерін, сонымен қатар жатақханаға орналасу үшін түрлі анықтаманы осы студенттерге қызмет көрсету орталығынан ала аламыз.

Осы категория бойынша: « Астаналық оқушылар көкке зымыранның макетін ұшырды С.Демирел университетінде INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы