374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында жуырда 18 кітап жарыққа шығады

  • 4522
  • UPD: 23:08, 17.04.2018

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жақында 18 оқулық жарыққа шығады.

Олар экономика, философия, тарих, тіл білімі, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтиды. Бір ерекшелігілі, бұл кітаптардың барлығы да ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған. 

Гүлмира Хайруллина Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің оқытушысы. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының білікті педагогы әлеуметтану ғылымына ден қойған. Әлемге белгілі әлеуметтанушы Джордж Ритцердің «Әлеуметтану негіздері» атты еңбегінің қазақ тіліне аударылып жатқаны университеттегі әдістемелік бағдарлама ауқымын кеңейтіп, студенттердің де білімін тереңдетеді. Ұстаз осылай дейді.  

Гүлмира Хайруллина, БҚАТУ оқытушысы:

- Әлемдік деңгейдегі ғылымның, білімнің озық жетістіктерін меңгеру үшін осындай әлемдік деңгейдегі саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың еңбегін оқыту өте маңызды. Салыстырмалы талдау,  студенттеріміз сыни тұрғыда ойлау үшін оларға өте қолайлы.

Ал оқулықтарды тәржімалап, редакторлық жұмыстарды қадағалайтын әрі баспаға жіберетін Ұлттық аударма бюросы. Қазақ тіліне толық аударылған алғашқы 18 кітап баспаға жолданды. 

Назгүл Қожабек, Ұлттық аударма бюросының редакторы:

- Қазір біздің осы 18 оқулықтың және алдағы келе жатқан 30 оқулықтың жұмыс топтарының құрамында Қазақстандағы үздік баспагерлер, қаламгерлер, жалпы үлкен көлемді текстпен  жұмыс істей алатын стилі бар, тексті тани алатын адамдардың барлығы дерлік қамтылып жатыр.

18 оқулықтың әрқайсысы 10 мың данамен басылады. Алдағы бір айда еліміздің барлық өңірлеріне таратылып, кітапхана сөрелерінен табылатын болады. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерденбек Жылкайдарұлы, Кенже Амраев

Осы категория бойынша: « Астанада тіл мамандары латын әліпбиінің біліктілік курстарынан өтіп жатыр «100 жаңа оқулық»: Шымкентте 18 кітап таныстырылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы