388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық оқушылар еліміздің тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровпен кездесті

  • 931
  • UPD: 22:41, 20.04.2018

Қалай ғарышкер болуға болады? Бұл сұрақты алматылық оқушылар қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке қойды.

Халық батырын олар ең алғаш әліппеден таныған болатын. Енді ғарышкердің өзін көріп, сөзін естуге мүмкіндік алды. Кездесу Шоқан Уәлиханов атындағы мамандандырылған гимназияда өтті. Тоқтар Әубәкіров оқушыларға 27 жыл бұрын Байқоңырдан ғарышқа аттанған сәтін айтып берді. Онда 7 күн 22 сағат болды. Қазақстанды бақылаған Әубәкіров, экологиялық зерттеулер жасады. Жердің ғарыштан қарағандағы әсем көрінісі туралы әңгімесін оқушылар аса қызығушылықпен тыңдады. Ғарышкер болу үшін білім ғана емес, мықты денсаулық керек. 

«Мұнымен қоса туған жеріңді шексіз сүю қажет», - дейді Халық батыры. 

Рахима Сәкенова, Алматы қ. №12 мамандандырылған гимназияның директоры:

- Жаңа білім бағдарламасына байланысты біздің ғылымдар интеграцияланып жатыр. Қазіргі уақытта әсіресе алдыңғы жоспарға шығып отырғаны – жаратылыстану бағытындағы пәндер. Физика, биология, география, ғарыш, астрофизика. Міне осының бәрінің басын түйістірген бала ғана Тоқтар Әубәкіров ағадай үлкен биікке көтеріле алады. Үлкен атаққа жетеді. Бұл үлгі берілген кездесу болды.

Хабар 24 телеарнасы