384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚазҰАУ жанынан ашылған агротехникалық хаб нәтижелі жұмыс атқарып тұр

  • 458
  • UPD: 22:22, 21.04.2018

Аграрлық саланың дамуы ғылымның соңғы жетістіктерін өндіріске енгізумен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде болып, Қазақ-жапон инновациялық орталығы және агротехникалық хаб пен инновациялық су орталықтарының жұмысымен танысты. Ауыл шаруашылығы саласындағы шетелдік жаңа технологияларды тарту, оны жергілікті жағдайға бейімдеу мақсатында университет қабырғасында ашылған Агротехникалық хаб 4 жылдан бері нәтижелі жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта аймақтардың ауыл шаруашылығын дамыту үшін қандай технология, қандай әдістер керек деген мәселелерді ғалымдармен бірлесіп шешу үшін агротехникалық хабтың аймақтарда бөлімшелері ашылып жатыр. Отандық ғалымдардың жаңалығы да аз емес. Осы уақытқа дейін мақтаның жергілікті табиғи ортаға бейімделген 12 жаңа тұқымы өндірілген. Ал ғылымның жаңалығын өндіріске енгізу үшін арнайы база керек екен.

Тілектес Есполов, ҚҰАУ ректоры:

- Бүгінгі ең үлкен күрделі мәселе ауыл шаруашылығында сүт өнімі. Сүт өнімінің 80 пайызын біз мына жеке шаруашылықтардан енгізіп отыр. Ал біз ол өнімді сүт өнімін шетелге шығара алмаймыз. Ал оны шетелге шығару үшін біз жаңа технологияларды тартуымыз керек. Біздің ғалымдарымыз референттік лаборатория құрып отыр. Оны министрілік қолдап отыр. Биылғы жылға қаражат бөлініп сол референттік лаборатория республика бойынша біз сол жұмысты жүргізуіміз керек.

Болатхан Махатов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:

- Бүгінгі таңда 3700 құжаттанған ғылыми жаңалықтарымыз бар. Соның барлығын сараптан өткізгенде 82-сі бүгін өндіріске енгізуге дайын тұр. Ол тек бір өсімдік саласы ғана емес, оның ішінде мал шаруашылығы саласы бар.

Хабар 24 телеарнасы