385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі ЖОО-дағы оқу ақысын реттеуші нормаға өзгеріс енгізу ұсынылды

  • 689
  • UPD: 15:41, 25.04.2018

Қазақстанда жоғары оқу орындарына 85 пайызға дейін академиялық еркіндік берілуі мүмкін

Мәжіліске түскен  кейбір заңнамалық актілерге жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы осы мәселеге жете мән береді. Білім және ғылым министрлігі оқу ақысын реттейтін нормаларға да өзгеріс қажет деп санайды. Демек, мемлекеттік жоғары оқу орындары коммерцияға тым әуестеніп кетпеуі керек. Заң жобасы үш бағытты қамтып отыр. Академиялық еркіндік, басқару және қаржы. Академиялық басқару еркіндігі ең әуелі оқу бағдарламасының сапасын арттыруға бағытталады. Және білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Нарықты, жалпы қоғамдағы өзгерістерді дер кезінде бағамдай алады. Қазір белгілі бір мамандықты оқыту үшін қолданыстағы заңға сай екі жыл уақыт қажет. Енді шұғыл әрекетке өріс ашылады.

Хабар 24 телеарнасы