387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ орталықтарына 785 бейнекамера орнатылды

  • 602
  • UPD: 15:55, 22.05.2018

Мектепге дейінгі білім беру кезегі жыл соңына дейін толық электрондық форматқа көшіріледі.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов хабарлады. Сондай-ақ биыл мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу орындарының материалдық техникалық базасын жаңарту көзделіп отыр. Өйткені аудиторияларда бейнекамералар мен ұялы байланысты бәсеңдеткіш құрылғылардың жетіспеушілігі байқалады. Әсіресе желінің 3G буынына арналған техникалар 4G стандартындағы смартфондарды қамти алмайды. «Осыған байланысты өңірлерде үшінші стандартты техникалық құралдар кезең-кезеңімен жаңартылып келеді», – дейді вице-министр. Айта кетейік, еліміздегі 1500 аудиторияның 500-ден астамында 4G байланысын бәсеңдететін құрылғылар жоқ. Алайда кей елді мекендерде тек үшінші буын қолданылатындықтан, айтарлықтай мәселе жоқ дейді спикерлер.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Биылғы жылы «Алтын белгінің» иегерлері басымдықты сақтап қалады. Бірақ бұл тек қана ұпайы бірдей болғанда ғана басымдық ретінде саналатын болады. Мысалы, 2 түлек оқуды бітіріп, ҰБТ-ны тапсырса, екеуінікі де 120 балл болатын болса, «Алтын белгінің» иегері басымдықтың иегері болып, грантты жеңіп алады.

Хабар 24 телеарнасы