376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да 33 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

  • 1022
  • UPD: 16:01, 25.05.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында 33 мың 766 оқушы мектептен түлеп ұшты.

Биыл еліміз бойынша мектеп бітірген 147 мың оқушының әрбір бесіншісі осы өңірдің түлегі. Білім ордасынан болашаққа қанат қаққан  шәкірттердің 1 мың 692-сі «Алтын белгі» медаліне, 1029 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр. Сондай-ақ химия-биология бағытында білім беретін «Назарбаев зияткерлік мектебінде де «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. Биылғы оқу жылында зияткерлік мектебін 97 түлек бітірді. Олардың 30-дан астамы Америка, Германия, Корея, Канада және Қытайдың озық үлгідегі жоғарғы оқу орындарына құжат тапсырған. Қазіргі таңда осы түлектердің 17-сі тегін оқу грантына ие болды. Ал мектеп бітіруші Ақарыс Егізбай АҚШ-тың беделді 12 оқу орнына грантпен оқуға шақырту алып отыр.

Ақарыс Егізбай, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» түлегі:

- Мен Kenyon колледжін таңдадым. Огайо штатындағы. Болашақта инженерия мамандығын таңдаймын. Себебі елімізде инженерия саласы онша қатты дамымаған. Кейбір ақсап тұрған тұстары бар. Сол салаларды дамытқым келеді. Одан кейін еліміздің дамып, өркендеуіне өмімнің үлесімді қоссам деймін.

Хабар 24 телеарнасы