387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республика бойынша оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

  • 522
  • UPD: 11:30, 29.05.2018

Елімізде әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды жазғы демалыспен қамту үшін бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді.

Жалпы республика бойынша оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Бұл үшін түрлі деңгейдегі лагерьлер мен қала және қала сыртындағы шатырлар, спорттық, киіз үй үлгісіндегі демалыс аумақтары қарастырылған. Сондай-ақ 2,5 млн бала арнайы секция, клубтарға жазылыпты. Балалардың құқығын қорғау күніне орай өткізілетін музыкалық ансамбль парадына 500 мың бала қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Үкімет отырысында сөз алған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев каникул кезіндегі балалар демалысын ұйымдастыруға жете мән берілетінін тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы