386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл ШҚО-да археологиялық зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіледі

  • 522
  • UPD: 14:35, 31.05.2018
Биыл ШҚО-да археологиялық зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіледі

Биыл Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеу жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізілмек.

Өйткені аталған салаға өткен жылғыдан екі есе артық яғни 200 миллион теңге қаражат бөлініп отыр.  Айта кету керек, облыста «Археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары» атты 3 жылдық  бағдарлама аяқталуға жақын. Оның нәтижесі де жаман емес. Ғалымдар атақты Берел, Шілікті қорғандарынан аса бағалы тарихи естеліктерге қол жеткізді. Жетістіктер халықаралық конференцияда таныстырылып, шетелдік туристердің де қызығушылығын арттырды. Қазір  Зейнолла Самашев сынды мықты ғалымдар бастаған археологтар Ұлан, Қатонқарағай аудандарында зерттеулерін бастап кетті.  Сонымен қатар биыл Семей маңында да қазба жұмыстары жанданатын болды.

Жанерке Ахмадиева, ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеменің бөлім меңгерушісі:

- 4-жоба болып қосылды, бұл жобада Семей маңындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жазда біздің археологтардың таңдауы бойынша үлкен ірі қорғандар қазылып жатыр.Қорғандар құнды жәдігер берер деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы