386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да оқушылардың 90 пайыздан астамы жазғы лагерьде демалады

  • 453
  • UPD: 11:42, 06.06.2018
БҚО-да оқушылардың 90 пайыздан астамы жазғы лагерьде демалады

Батыс Қазақстан облысында биыл оқушылардың 92 пайызы жазғы лагерьлерде демалады.

Қазіргі таңда өңірде қызықты каникул күндері басталып та кетті. Шәкірттер жаз бойы тарихи-танымдық орындарды аралайды. Туристік жорықтарға шығып, табиғат аясында саяхаттайды. Лагерлер базасында балалардың денсаулығын шыңдауға барлық жағдай бар.

«Дарын» қосымша білім орталығының жанындағы жазғы лагерь биыл 4 ауысымда шәкірттерді қабылдайды. «Достық құшағында» атты бірінші ауысымға аудандардан 84 мүмкіндігі шектеулі бала демалуға келген. Олардың жүзу бассейніне түсіп, спортпен айналысуына, сол арқылы денсаулықтарын шыңдауына мүмкіндік бар. 

Ернұр Сейілханов, Қаратөбе ауданы Қалдығайты орта мектебінің оқушысы:

- Мен Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебінен келдім, Қаратөбе ауданынанмын. Бұл жерге мені дарынды бала болғандықтан мені мектептегі ұстаздарым жіберді.  Бұл жердегі мұғалімдер өт мейірімді екен. Бір күнде достасып та алдым. Достарымның аты Данияр және Әлішер Аманжолов.

«Жас эрудит» атты екінші ауысым барысында шәкірттер демалыспен қатар жаратылыстану-матеиматика бағытында білім жарыстыра алады. 40 шақты оқушы  орталық жанындағы олимпиадалық резерв мектебінде жазғы сессияға қатысады.  Ал «Үш тұғырлы тіл» атты үшінші ауысым кезінде тілдерді меңгерту бойынша түрлі тренингтер ұйымдастырылмақ.

Гүлсім Дүйсенғалиева, «Дарын» қосымша білім орталығының директоры:

- Барлық жұмыстарымыздың бәрі сол үш тілді меңгерту бағытында ұйымдастырылады. Жаңағы ойындар да, тренингтер де поэзия кештері де ұйымдастырылады. Ең бастысы бала осы жерден кеткен кезде өзіне достарыменен жай тілде сөйлесе алатын мүмкіндік жасаймыз деп отырмыз, орта қалыптастырайық деп. 

Архат Исламғали, «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі:  

 - Ағылшынша үйрететін біздің  арнайы мамандарымыз және өз еркімен жұмыс жасауға келісетін волонтерлар. Олар бірінші ауызекі сөйлеуді одан кейін әрі қарай тереңдетіп арнайы мамандарымыз оқытатын болады.

Ал «Атамекен» туризм орталығы биыл 7 ауысымда мың жарым баланы қабылдауға дайын. Олардың дені оқуда, спортта  жетістікке жеткен шәкіртер мен аз қамтылған отбасыларының балалары. Мамандардың айтуынша, өңірде менингитке шалдығу дерегі тіркелген жоқ. Дегенмен, алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Жалпы өңірде жұмыс істейтін 620 жазғы лагерде 84 мыңдай оқушыны қамту көзделген. 100 шақты бала өзге қалаларға барса, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 шақты шәкірт италияда демалуға мүмкіндік алып отыр. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы