386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда латын әліпбиіне көшуге арналған конференция басталды

  • 958
  • UPD: 15:29, 07.06.2018
Атырауда латын әліпбиіне көшуге арналған конференция басталды

Атырауда Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында  «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Конференция жұмысына Еуропа мен ТМД елдерінен және еліміздің басқа аймақтарынан шақырылған линг-вистика саласының мамандары, қазақ қарпін латын әліпбиіне көшірудің әдістемесін зерттеушілер және ана тіліміздің өзекті мәселелерін зерттеуші ғалымдар қатысты. Халықаралық жиын мақсаты шетелдік ғалымдардың пікірін сарапқа сала отырып латын графикасына көшудің әдістемелік, тәжірибелік, құқықтық-нормативтік және ақпараттық негіздерін зерттеу. Ал латын қарпіне толық көшу процесі Президент тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Қуат Борашев, ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы:

- Ең бірінші кезекте тұрған мәселе ол біздің әліпбидің емле ережесін, яғни орфографиясын бекітіп алу. Бұл бағытта қазір тиісті лингвист ғалымдардың барлығы жұмысқа кірісті. Біз осы маусым айының соңына таман осы емле ережесінің тұжырымдамасын бекітеміз деп отырмыз. Келесі кезеңде біз қыркүйек айында оны Премьер-министрдің деңгейінде өткізілетін Ұлттық комиссия қарауына осы емле ережесінің жобасын талқылауға ұсынамыз деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы