384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркітанушы Әділ Ахметовтың «Ғасыр ғибраты» атты кітабы жарыққа шықты

  • 1273
  • UPD: 20:52, 08.06.2018

Филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы Әділ Ахметовтың «Ғасыр ғибраты» атты кітабы жарыққа шықты.

Тың туындының тұсаукесер рәсімі өтті. Еңбек үш бөлімнен тұрады. Мазмұны ерекше. Кітапта жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті, еліміздің сыртқы саясаттағы дара жолы мен мұсылман әлемінің жағдайы жазылған. Оқырман қауым жаңа жинақты «Егемен Қазақстан» газетінің сайтынан да оқи алады.

Әділ Ахметов Филология ғылымдарының докторы, профессор: 

- «Ғасыр ғибраты» деген кітаптың жазылу тарихы қысқаша айтқанда 99 пайызы осы «Егемен Қазақстанда» басылған менің әр жылдарда жазған мақалаларым. Бас-аяғы сол 40-45 мақала. Бұл мақалалар енді әр кезде басылды. Енді оны кім іздеп жүреді. «Піскен астың күйігі жаман» деген қазақтың мақалы бар. Енді соның бәрінің басын қосып, бір кітапқа топтастырдық.

Хабар 24 телеарнасы