371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Критериалды білім беру үрдісі оқушылардың білім сапасын екі есеге арттырған

  • 243
  • UPD: 15:36, 14.06.2018
Критериалды білім беру үрдісі оқушылардың білім сапасын екі есеге арттырған

Критериалды білім беру үрдісі арқылы оқушылардың білім сапасы артқан.

Бұл туралы Астанада өткен республикалық семинар-тренингте айтылды. Еліміздің әр өңірінен жиналған әдіскерлер дискрипторларға негізделген бағалау жүйесінен түйгендерімен бөлісіп, кездескен қиындықтарын да ортаға салды. Бағдарлама енген екі жыл ішінде оқушылар өздерін бағалауды үйренген. Семинарға қатысушылар жаңа жүйенің оқушы мүмкіндігін арттыруға сеп екенін айтты.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Біздің өткізген ғылыми зерттеу бойынша осы жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы мен тиімділігін көрсетіп отыр. Бүгін қарауымыз бойынша 3 жылдың ішінде білім деңгейі 2 есе өсіп отыр. Бұл дегеніміз нақты осы бағдарламаның тиімділігін көрсетеді.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысындағы компьютер курстарын жастармен бірге аға буын өкілдері игереді Еліміздегі мектептердің қандай болсын шараға ақша жинауына тыйым салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы