371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 301 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

  • 327
  • UPD: 00:03, 15.06.2018

Шаһар әкімі Әсет Исекешев белгіні салтанатты шара барысында табыстады.

Қала басшысы республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарын да ерекше атап өтті. Мектеп оқушылары барлығы 280 медаль алған. Олардың 121-і алтын медаль. Түлектер болса, елордаға өз сыйлығын әзірлеген. Жасөсіпірмдер қала орталығындағы саябақта ағаштар отырғызды. Бүгінгі кеште 100 жұп вальс биін биледі. Айта кетейік, биыл Астанада 6 мың бала мектеп бітірді. Олардың 90 пайызы Ұлттық бірыңғай тестті тапсыруға дайындалуда. 

Марғұлан Жұмағұлов, мектеп түлегі:

- 11 жыл бойы білім алған ұстаздарыма алғыс айтамын. Ата-анама алғыс айтамын. Болашақта осындай көптеген жетістіктерге жетіп, Қазақстанның беделін әлемдік деңгейге көтеремін деген сенімдемін. Болашақта мен Қазақстанда білім алсам деген ойым бар. ЕҰУ түсуге жоспарым бар.

Осы категория бойынша: « АҚШ-тан келген философ қазақ ойшылдарына тәнті болды Семейде 2 мыңға жуық мектеп түлегі ҰБТ-ға ниет білдіріп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы