365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде 2 мыңға жуық мектеп түлегі ҰБТ-ға ниет білдіріп отыр

  • 298
Семейде 2 мыңға жуық мектеп түлегі ҰБТ-ға ниет білдіріп отыр

Семейде 2 мыңға жуық мектеп түлегі ҰБТ-ға қатысады.

Олар қаладағы екі жоғарғы оқу орнының ғимаратында сынақтан өтеді. Қазір ұйымдастыру жұмыстары аяқталып, бөлмелерге ұялы телефондардың толқынын өшіретін қауіпсіздік қондырғылары орнатылып жатыр. Биыл түлектер жаңа ережеге сәйкес, орта мектепті аяқтау бойынша жеке емтихан тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсу үшін тест сынағынан өтеді. Ал белгілі бір себептермен Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмаған талапкерлерге шілде айында колледж түлектерімен бірге кешенді сынаққа қатысуға мүмкіндік беріліп отыр. Елбасы 5 әлеуметтік бастамасында жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлуді тапсырғанын да естеріңізге сала кетейік.

Болатбек Қожебаев, қалалық ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі:

– Әр жанкүйерге, ата-аналарға жағдай жасаймыз. Отыратын орындықтары немесе ішетін суларына дейін дайындап қоямыз. Одан кейін ата-аналар болып жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеуді далаға шығарылған теледидарлар арқылы көре алады. Яғни 3 сағат 50 минут жүретін Ұлттық бірыңғай тестілеу уақытында толықтай әр ата-ана өз баласын көре алады.

Осы категория бойынша: « Елордада 301 түлек «Алтын белгі» иегері атанды Еліміздегі колледждер цифрландыру мәселесінде құлшыныс танытып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы