365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-да 22 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді

  • 271
  • UPD: 14:13, 18.06.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық біріңғай тесттілеу сынағын өткізуге толығымен дайын.

Биыл өңірде тест тапсыруға 22 мыңнан астам түлек өтініш білдірген. Бұл туралы аймақтағы ҰБТ орталығының жетекшісі Бастарбек Қарсыбаев жеткізді. Оқушылардың 11 жыл бойы жинаған білімі сыналатын емтихан әділ әрі ашық түрде өтеді деп жоспарлануда. Өңірде  тест өтетін мектеп, жоғары оқу орны мен колледждерге онлайн режимдегі  бейнебақылау, ұялы телефондарға арналған тұншықтырғыш, металл бұйымдарын тексеретін арнайы қондырғылар қойылған. Ұлттық біріңғай тест  облыста 18 орында өтетін болады. Оның бесеуі Шымкент шаһарында. Ал сынақ тапсыратын оқушыларды тасымалдау, тамақ және жатын орынмен қамту үшін облыстық бюджеттен 3,4 миллион теңге бөлінген.

Бастарбек Қарсыбаев, облыстық базалық ҰБТ орталығының жетекшісі:

- Шымкент қаласында 5 ұлттық біріңғай тест өткізу пункті бар. Қалған аудандардың барлығында бір-бір өткізу пункті бар. Кейбір Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында 4 лектен болады. Барлық біздегі облыстағы пунктердің барлығы онлайн режимге қосылған. Балалары тест тапсырып жатқанда ата-аналарының далада тұрып экраннан көріп баласының қалай тапсырып жатқанын көруіне болады.

Осы категория бойынша: « Еліміздегі колледждер цифрландыру мәселесінде құлшыныс танытып отыр Студенттердің тегін немесе ақылы негізде білім алатынына қарамастан жатақхана беріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы