369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Студенттердің тегін немесе ақылы негізде білім алатынына қарамастан жатақхана беріледі

  • 344
  • UPD: 15:10, 18.06.2018

Бұдан былай елімізде студенттердің барлығы жатақханамен қамтылады.

Орын беру барысында шәкірттердің тегін немесе ақылы түрде білім алатыны назарға алынбайды. Бұл туралы  Үкіметте өткен брифингте Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова хабарлады. Оның айтуынша, жатақхана ғимараттарын салу үшін бүкіл республика бойынша 134 жер телімі бөлінді. Қазір Парламентте нысанды салуға қажетті заң жобалары қарастырылып жатыр. Құжат қабылданғаннан кейін тамыз-қыркүйек айларында құрылыс басталады. Келер оқу жылында кем дегенде 5 мың орынды қолданысқа беру жоспарда бар. Бұл мақсатқа бюджеттен 150 миллиард теңге бөлінеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда 100 мыңнан астам студент жатақханадағы орынға мұқтаж.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: 

- Біз жоғары оқу орындарының өкілдері және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қанша жатақхана қажет екендігін анықтадық. Қазір Алматыда 23 мың орын, Астанада 17 мың, ал  Оңтүстік Қазақстан облысында 11 мың орын тапшы. Мәселені шешу үшін аймақ әкімдігі тегін жер телімдерін бөлді. Оқу ордалары жатақхана салуға  банктен займ алады. 8 жыл ішінде мемлекет барлық инвестициялық шығындарды қайтарады.

Осы категория бойынша: « ОҚО-да 22 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді Алматыда мектепті үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табысталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы