374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР БҒМ оқушылардың сөмкелерін жеңілдетудің жолын тапты

  • 319
  • UPD: 22:21, 19.06.2018
<span class=favorites>ҚР БҒМ оқушылардың сөмкелерін жеңілдетудің жолын тапты</span> Искра

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтіп жатқанын кез келген тұрғын онлайн жүйеде көре алады.

Еліміздегі тест тапсыру аудиторияларының 90 пайызы осындай бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған. Бұл өз кезегінде сынақтың барынша әділ өтуін қамтамасыз етпек. Ал оның нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан әрі Telegram арқылы да білуге болады. Ол үшін тест тапсырушының жеке кодын енгізсеңіз болғаны. Сондай-ақ ҰБТ жөнінде халықты мазалаған сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайтын арнайы колл орталық іске қосылмақ.

Айта кетейік, ертең басталатын тестілеуге 102 мыңнан аса түлек қатысады. «Алтын белгіден» үміткер 7 мыңға жуық мектеп бітірушінің 98 пайызы өз білімін дәлелдеді.

Сондай-ақ биылдан бастап оқу жылы басталғаннан кейін бірер күнде 6 жасқа толатын балалар 1 сыныпқа қабылданады. Әрине, егер оған дайын болса. Ал оқушылар ауыр сөмкені мектепке арқалап бармас үшін министрлік бірқатар шара қабылдамақ. Мәселен, жаңадан басылып шығатын оқулықтардың электронды нұсқасын ата-ана планшетке енгізіп берсе болады. Әрі баспалар кітаптың мұқабасын барынша жеңіл материалдан жасауы тиіс. Сондай-ақ оқушының күнделікті мектепке таситын кітаптарының шектік салмағын бекіту ұсынылып отыр. 

Осы категория бойынша: « Алматыда мектепті үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табысталды Қ.Тоқаев: Ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қаншалықты қажеті бар? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы