374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық әдебиеттану мәселелеріне арналған республикалық конференция өтті

  • 221
  • UPD: 23:33, 21.06.2018
Ұлттық әдебиеттану мәселелеріне арналған республикалық конференция өтті

Ұлттық әдебиеттану ғылымын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дамытып, тәуелсіздік рухы тұрғысынан қарастыру қажет.

Әдебиеттануға арналған республикалық конференцияға жиналғандар осындай пікір білдірді. Сондай-ақ жиында қазақ әдебиетіндегі қазіргі үрдістер мен негізгі мәселелер талқыланды. Айта кетейік, республикалық конференция филология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Рақымжан Тұрысбектің 60 жылдығына арналды. Мерейтой иесін көпшілік Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының мұрасын зерттеуші ретінде біледі.

Рақымжан Тұрысбек, филология ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

- Бүгінгі ғылыми жиынның бір арнасы ұлттық әдебиеттану ғылымын тәуелсіздік рухы тұрғысынан қарастыру. Оны «Рухани жаңғырудың» бағыттарымен баяндау, соны бажайлау арқылы көрсету. Бұл ретте біздің әдебиеттанушы ғалымдарымыз, жас ізденушілеріміз, магистрант, докторанттарымыз бұл жағынан да бағыт алып жатыр. Өздерінің тақырыптарының төңірегінде ғана емес, қазақ әдебиеттану ғылымын алыс-жақын елдермен байланыстырып, соның ішінде ұлттық әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен байланыстыруы, сөз жоқ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын да байыта түсетін жаңа бір арна, жаңа бір кең өріс деп қараймыз.

Осы категория бойынша: « ҰБТ-2018: Маңғыстау облысында 4167 түлек сынақ тапсыруға өтініш білдірген ҰБТ: СҚО-да өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы