374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ: СҚО-да өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ

  • 192
  • UPD: 10:01, 22.06.2018

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Оқу аудиторияларынан бірде-бір түлек шығарылмады. ҰБТ-ны облыс бойынша бірінші болып 1 мың 107 оқушы тапсырды. Петропавл қаласына жақын орналасқан Аққайың, Қызылжар Мамлют аудандарының мектеп бітірушілері сынаққа автобуспен келді. Ата-аналар үшін арнайы орын ұйымдастырылды. Олар балаларын ғаламтор арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды. Айта кетейік, биылғы емтиханға талапкерлердің 30 пайызы қатыспады.   

Аслан Ғалеев, талапкер:

- Дайындалдым бірнеше ай бойы. Бәрі жақсы өтті. Қиын сұрақтар болды. Жақсы тапсырдым деп ойладым.

Болат Асанов, қала тұрғыны:

- Сағат 5-те тұрдық. 6-да шықтық. 8-де қабылдайды деген. Баладан немере ыстық дейді ғой. Сондықтан ұйқымызды бөліп келіп отырмыз.

Осы категория бойынша: « Ұлттық әдебиеттану мәселелеріне арналған республикалық конференция өтті ҰБТ Қостанай облысының жеті ауданында өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы