374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ-2018: Қостанай облысында алғашқы күні сынақтан өткен оқушылардың орташа көрсеткіші 90 балды құрады

  • 312
  • UPD: 22:45, 22.06.2018
ҰБТ-2018: Қостанай облысында алғашқы күні сынақтан өткен оқушылардың орташа көрсеткіші 90 балды құрады

Қостанай облысында биыл 4 825 оқушы мектеп бітірсе, соның үш мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тәуекел еткен.

«Түлектердің білім нәтижесі көңіл толарлықтай», - дейді мамандар. Алғашқы күні сынақтан өткен мыңнан астам оқушының орташа көрсеткіші 90 балды құрады. Сондай-ақ төрт бала емтиханды ағылшын тілінен тапсырып отыр. «Әрбір қатысушы аудиторияға мұқият тексерістен соң барып жіберіледі. Тәртіп бұзғандар болған жоқ. Алаңдаушылық білдірген ата-аналар үшін арнайы экрандар да қойылды», – дейді комиссия мүшелері. Айта кету керек, емтихан басталған екі күнде облыста екі жарым мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысқан.

Еркін Әбіл, ҚМПУ мемлекеттік комиссиясының төрағасы:

– Жоғары балл болады деген үміттеміз. Бүкіл дайындықты жасауға тырыстық. Мүмкіндігі шектеулі балалардан екі түлек тапсырып жатыр, оларға жеке пандус, лифт дайындалды.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында ҰБТ көрсеткіші жоғарылады ҰБТ-2018: Жамбыл облысында 2 түлек жоғары балл жинады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы