369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Мақаншы ауылында жаңа мектеп салынып жатыр

  • 538
  • UPD: 15:29, 25.06.2018

Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылында 320 орындық жаңа мектеп салынып жатыр.

Әлеуметтік нысанды тұрғызуға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңгеден артық қаражат бөлінген. Құрылыс барысында тек отандық өнімдер пайдаланылуда. 100-ге жуық жұмысшының дені жергілікті тұрғындар. Жаңа оқу ордасында оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылатын болады. 

Данияр Құмарбекұлы, мердігер мекеме өкілі:

- Аяқталу мерзімі 20 желтоқсан 2018 жыл. Бірақ халық пен жергілікті әкімдіктің сұрауы бойынша біз мұны ертерек тапсырамыз ба деп отырмыз. Қазір кесте бойынша алда келеміз.

Советхан Қалиев, Мақаншы ауылдық округінің әкімі:

- Мектебіміз салынып бітсе, бұрынғы Мақаншы орта мектебі балабақша болып, 150 балаға ашылып, бізде ауылымызда 2 сұрақ өзінің оң шешімін табады деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Қызылорданың кітапханасында шөптен жасалған сиямен жазылған қасиетті кітап сақтаулы тұр Алматылық түлек ҰБТ-дан 140 балл алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы