374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Халықаралық білім институтының өкілдері Қазақстанмен арадағы әріптестікті нығайтуда

  • 164
  • UPD: 15:29, 26.06.2018

АҚШ-та Қазақстанның Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық білім институтының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Енді аталмыш саладағы байланыс аясы кеңейіп, бағдарламалар арқылы студенттер алмасу және екі елдің магистранттары мен оқытушыларын тағылымдамадан өткізуге жол ашылды. АҚШ-тың Халықаралық білім институтының өкілдері Қазақстанмен арадағы әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі.

Максмиллиан Ангерхолзер, Халықаралық білім институтының вице-президенті:

– Қазақстанмен орнатқан байланысымыз берік. Енді қазақ еліне білімін жетілдіріп, тағылымдамадан өтуге баратын студенттер мен оқытушыларымыздың саны артты. Оған біз өте ризамыз. Сіздердің де жастар бізге келіп, білімін шыңдайды. Қазақстанмен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға ниеттіміз.

Осы категория бойынша: « Алматылық түлек ҰБТ-дан 140 балл алды Ұлттық бірыңғай тестілеудің 5 күндік қорытындысы белгілі болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы