365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ-2018: Тестілеудің жетінші күні соңғы топ сынақтан өтеді

  • 419
  • UPD: 13:13, 27.06.2018

Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы күні. Бұған дейін аптаға жуық уақытта еліміздегі түлектердің 96 пайызы білім сынағын тапсырып үлгерді.

Олардың 85 пайызы 50-ден жоғары балл жинады. Тіпті 1 адам ең жоғарғы 140 балды да жинай алды. Осыдан бірер күн бұрын Қазақстан бойынша орташа балл – 83 екені жарияланған еді. Ал енді нақты көрсеткіш бүгін белгілі болады. Өйткені тестілеудің жетінші күні соңғы топ сынақтан өтеді. Олардың қорытындысымен Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының сайтынан танысуға болады. Айта кетейік, биыл жалпы саны 102 мыңнан аса адам Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр. Ол үшін еліміздің түкпір-түкпірінде тест қабылдайтын 167 орталық жасақталды.

Осы категория бойынша: « ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған түлек арманымен бөлісті Атырау өңірінде облыстық бюджеттен 300-ге жуық грант бөлінеді деп жоспарлануда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы