367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау өңірінде облыстық бюджеттен 300-ге жуық грант бөлінеді деп жоспарлануда

  • 233
  • UPD: 11:48, 27.06.2018

Биыл Атырау облысы бойынша 5 мың 177 түлек меткеп бітірді.

Олардың 3 мың 935-і Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруда. Бұл – жалпы мектеп бітірушілердің 76 пайызы. Өткен жылмен салыстырғанда, тест тапсырғысы келетін түлектердің қатары 4%-ға артқан.

Бекен Әлирахым Twitter@a.beken

– Биылғы ең бір тиімді ерекшеліктердің бірі – емтихан өтіп жатқан дәрісханалардың барлығы онлайн желісіне қосылуы. Яғни кез келген ата-ана немесе бақылаушы мекемелер емтихан барысын тікелей эфир арқылы толық қарай алады. Сондықтан да қандай да бір құқықбұзушылық тіркеліп немесе ереже бұзып, сынақтан шеттетілгендер болған жоқ. Күні бүгінге дейін 2 түлектен ғана аппелияциялық шағым түскен. Оның өзі техникалық ақау салдарынан туындаған кемшілік.

Қайырғали Кенжеғалиев, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

– Бүгін 487 оқушы тест тапсырады деп есептелініп отыр. Оқушылардың психологиялық дайындығы жақсы. ҰБТ-ға жақсы көңіл-күймен келді. Себебі жыл бойы тестіге байқау сынақтары өткізілді. Ата-аналар, мұғалімдер тарапынан қолдау болды. Соның нәтижесінде оқушыларымыз жақсы деңгейде тапсырып шығады деген ойдамыз.

Мектептен алған білім қорын таразыға салатын биылғы түлектердің арасынан 154 оқушы «Алтын белгi», тағы 95 түлек ерекше үлгідегі аттестатты қорғады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 7 аудан орталығында аяқталып, бүгін Атырау мемлекеттік университетінде өткізіліп жатыр.

Бекен Әлирахым, Twitter@a.beken

– Біздің өңір үшін білім гранты маңызды. Биыл облыстық бюджеттен 300-ге жуық грант бөлінеді деген жоспар бар. Ол қаржы өңірдегі еңбек нарығына ең қажетті деген мамандықтарға арналған. Әсіресе, педагогика, медицина, ақпараттық технологиялар, теология және ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі. Бүгінге дейін тест тапсырған жергілікті түлектердің ішінде ең жоғарғы 137 және 136 балл жинаған екі оқушы бар. Ал облыстағы ҰБТ-ның жалпы қорытындысы бүгін кешке дейін белгілі болады.

Осы категория бойынша: « ҰБТ-2018: Тестілеудің жетінші күні соңғы топ сынақтан өтеді ҰБТ-2018: Алты күннің ішінде тәртіп бұзған 8 оқушы тестілеуден шеттетілген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы