365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мектептерде ерікті түрде қатысуға болатын әскери үйірмелер ашылады

  • 292
  • UPD: 09:19, 30.06.2018

Еліміздің мектептеріндегі оқушылар саптық, ату дайындықтарынан бөлек қоян-қолтық ұрыс, жекпе-жек сынды әскери жаттығуларды да үйренетін болады.

Алдағы уақытта осы бағытқа басымдық беріледі. Ол үшін арнайы үйірмелер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылынан бастап бұл жаңашылдықты жүзеге асыру үшін 11 білім ошағында пилоттық жоба жүзеге асырылады. Негізгі сабақтар аяқталған соң жасөспірімдер ерікті түрде әскери үйірмелерге қатыса алады. Тактикалық жаттығу 5 жыл бойы оқытылмақ. Тиісінше он бірінші сыныпты аяқтағаннан кейін кадеттер аттестатпен бірге «әскери дайындықтан өтті» деген арнайы куәліктерге де ие болуы мүмкін. Бұл ұсыныс қазір қарастырылып жатыр. 

Қанат Рақымбеков Астана қаласы №13 орта мектептің директоры:

- 7-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін сап дайындығы, атқыштар дайындығы, тактикалық дайындықтардан өтіп, 11-сыныптан кейін әскери бағыттағы мамандыққа оқуға түсе алады. Оқуға түсу кезінде олардың басқаларға қарағанда әскери дайындықтары жоғары болады.

Осы категория бойынша: « ҰБТ-2018: 139 балл жинаған түркістандық оқушы тестілеуге 9-сыныптан дайындалған Павлодарлық оқушылар құймақ пісіргіш робот құрастырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы