367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр

  • 176
  • UPD: 00:04, 04.07.2018

Жалпы Ақмола облысында биыл 5 жаңа мектеп ашылады. Солардың бірі Көкшетаудағы интеллектуалды мектеп-лицейі.

Білім ошағы шаһар жанындағы «Сарыарқа» атты жаңа мөлтек ауданнан бой көтерген. Нысан 4 гектар аумақты алып жатыр. Ғимараты бес бөліктен тұрады. Жанында алып стадионы да бар. Бұл, облыс орталығындағы ең үлкен мектеп болмақ. Ал құрылысына 1 жарым млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Былтыр жазда басталған құрылыс жұмыстары қазір толық аяқталуға жақын. Ұстаздар мен құрылысшылардың айтуынша, мұндай мектеп Көкшетауда бұрын-соңды болмаған. Ғимараты  барлық заманауи технологиялармен жабдықталса, білім беру жүйесі Назарбаев интеллектуалды мектептерінің бағдарламасына негізделмек. Айта кетейік, жалпы қазір Ақмола облысында бас-аяғы 3120 орындық 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Рабиға Әбілхамитова, қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

- Біз биылғы жылы осы АйТи мектеп лицейін  ашайын деп отырмыз. Бұл 900 орындық, қазақ тілінде оқытатын мектеп болады. Бұның ерекшелігі – мұнда енді балаларды лицей сыныптарымен қатар мұнда тағы да жалпы білім беретін сыныптар да болады. Қазіргі кезде 350 баладан келіп түсіп отыр осы мектепте оқығысы келген».

Әділ Сабырбаев, мердігер компания директорының орынбасары:

- 95 пайызға дайын мектеп. Осы 1 қыркүйекке дейін тапсыруымыз керек. Бірақ біздің жоспарымыз бойынша осы тамыздың басында 1-2 тамызда ойлап отырмыз тапсырамыз деп. Қазіргі күні істеп жатқанымыз сол тазалық, парталарды, орындықтарды қою.

Осы категория бойынша: « Назарбаев Университеті Лондонда «Бір белдеу, бір жол» тақырыбында нетворкинг сессия өткізді Оқушыларға арналған байқау: жеңімпаз Ұлыбританияға барады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы