367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 7 мың ІТ-сыныбы іске қосылады

  • 366
  • UPD: 21:53, 13.07.2018

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында алдағы 3 жылда 7 мыңға жуық тегін ІТ-сыныбы ашылады.

Ал 15 жастан асқан жеткіншектерге ірі хаб құрылымдары негізінде 20-ға жуық ІТ-орталығы қызмет көрсетеді.  Мақсат – ауқымды бағдарламаны халық  арасында түсіндіріп қана қоймай, қолға алынған нақты жобалардың негізінде азаматтарға жеткізу. Кезең-кезеңмен ашылатын мұндай сыныптар халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруы тиіс. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар ІТ-сыныптарының жүйелі жұмысын қамтамасыз етуі керек. Бүгін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара  Дүйсенова Алматыға арнайы келіп,  бағдарлама аясында іске қосылған жобалардың жай-күйімен танысты. Оқушылар сарайында ашылған ІТ-сыныптарды аралап, білімгерлермен жүздесті. Жаңа технологиямен жабдықталған сыныптар оқушыларға тегін. Мұнда жасөспірімдер робот-техникасын құрастыруды, түрлі модельді бағдарламалар жасауды  үйренеді. Тамара Дүйсенованың айтуынша, «Нұр Отан» партиясы осындай үлгідегі 1 мың компьютерлік сыныпты жабдықтауды жоспарлап отыр. 

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Бұл сыныптарда, біріншіден, балаларға цифрландыру бағдарламасының жаңалықтары, екінші, робот-техника, одан кейін 3D модельдеу, солардың негіздерін бермекшіміз. Балалардың барлығы ақпараттық кеңістікте өздерін еркін ұстауға мүмкіндігі болсын дейміз.

Осы категория бойынша: « СҚО-да ауылдан келген студенттерге 15 мың теңгеден беріледі Алматы облысының Шелек ауылында балалар робот құрастыруды үйренеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы