371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында оқушылар жаңа үлгідегі латын әріптермен жазып көрді

  • 270
  • UPD: 00:07, 21.07.2018
Ақмола облысында оқушылар жаңа үлгідегі латын әріптермен жазып көрді

Қазақ латын әріптері тұңғыш рет сынақтан өткізілді. Алдымен мектеп оқушылары жаңа үлгідегі латын әріптермен жазып көрді.

Бүгін сынама тапсырған 300 оқушы арнайы дайындалған сынақ кітапшасына «щ», «ц», «э», жіңішкелік белгісі мен «ю» әріптеріне өз нұсқаларын жазды. Қазақ латын әліпбиі қазірше жоба ретінде құрастырылған. Көпшілікке ыңғайлы болуы үшін мамандар осындай сынамаларды бүгіннен бастап, еліміздің барлық өңірінде, алдымен оқушыларға, одан соң ересектерге және мемлекеттік қызметкерлер арасында жүргізбек.

Қуат Борашев, ҚР МСМ Тілдерді дамыту комитетінің төрағасы:

- Емле ережелері бойынша жұмыстың басталғанына қазір 1 айдан астам уақыт қтті. Біз арнайы жұмыс жоспары кестесі бекітілген. Ол қыркүйек айына дейін жалғасатын болады. Қазіргі уақытта емле ережелерінің 75 пайызы әзірленіп бітті. Біз осымен қоса параллель жасалған емле ередесінің жобаларын сынақтан қатар өткізіп отыруды жоспарлапр отырмыз.

Осы категория бойынша: « Шымкенттегі кітапханада халықтың рухани байлыққа қол жеткізуіне жағдай жасалған Елбасы ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы