365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы балалар лагерінде оқу-жаттығу өткізілді

  • 173
  • UPD: 10:10, 31.07.2018
Алматы облысындағы балалар лагерінде оқу-жаттығу өткізілді

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы «Подгорное» жазғы сауықтыру лагерінде өрт қауіпсіздігіне арналған оқу-жаттығу өтті.

Мақсат – төтенше жағдай туындаған кезде қауіпсіз жерге көшу және суға түсу ережелерін түсіндіру. Жазғы демалысын лагерде өткізіп жатқан оқушылар еліміздегі барлық балаларға арнап флешмоб ұйымдастырды. Олар шартты түрдегі өртті сөндіру операциясына қатысып, құтқарушылардың ақыл-кеңесін тыңдады. Алматы облысында 31 жазғы сауықтыру лагері бар. Онда жаңа оқу жылы басталғанша, 350 мыңнан астам оқушы демалатын болады.  

Толқын Қатышева, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

- Облыстың мектеп маңындағы жазғы лагерлерінде, сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігі тақырыбында балалардың қатысуымен әртүрлі акциялар, дәрістер, сурет салу конкурстары, өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді. Тыңдаушыларға өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер және төтенше жағдайдың болуы мүмкін салдары туралы толық түсіндіріліп жеткізілді.

Осы категория бойынша: « Петропавлда қос мектептің құрылысы қарқын алды Астана әкімдігі әлеуметтік тұрғыдан осал отбасы балаларына тегін оқу грантын бөледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы