364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі ЖОО-ға білім грантын бөлетін конкурс комиссиясы жұмысын бастады

  • 280
  • UPD: 19:49, 01.08.2018

Отандық жоғары оқу орындарына білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өткен жиында байқаудың бағдары бойынша ауыл жастарына басымдық берілетіндігі айтылды. Бұл бірінші кезекте елді мекендердегі тапшы мамандар санын арттыруға бағытталған, дейді комиссия мүшелері. Осылайша, Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеуден жоғары балл жинаған түлектерге барлығы 53 мың грант қарастырылып отыр. Әр гранттың құны 423 мың теңгеге тең.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу туралы 75 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда қатысушылар саны 15 мың адамға артып отыр.

Рахман Алшанов, Қазақстанның ЖОО қауымдастығының төрағасы:

- Былтырғылар көп адам сыртқа кетіп еді, қазіргі кезде елімізде оқимыз деген адам саны өсті. Соның ішінде қазақ мектептерін бітірген балалар көрсеткіші жоғары. Елбасының жолдауына байланысты қазір гранттар қосылды. Негізгі бағыт техникалық мамандықтарға бөлінді.

Осы категория бойынша: « Білім саласына гранттар бөлуге қоғам өкілдері араласады Елімізде «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы