365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз бойынша ең қымбат мектеп формасы Астанада сатылады

  • 390
  • UPD: 21:38, 04.08.2018

Сыңғырлаған қоңырау үні естілер күн де алыс емес. Осыған орай ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындай бастады.

Ең басты әрі маңызды мәселе мектеп формасын таңдау. Бүгінде жоғары сұранысқа ие киімнің бағасы қандай? 

Елордалық Нұржамал Ембердиева үш қызын мектепке дайындау үшін дүкенге арнайы келді. Оның айтуынша, әр оқушыға орта есеппен 50 мың теңге жұмсайды. Себебі сапалы киімднің құны жыл сайын қымбаттап отыр.

Нұржамал Ембердиева, қала тұрғыны:

- Мысалы, жейде, белдемше және костюм үшін шамамен 15-20 мың теңге төлеймін. Кіші қызыма 15-17 мың аралығында алуға болады. Ең алдымен киімнің матасына назар аударамын. Жақсы жуылып, үтіктеуге ыңғайлы болуы керек. 

Былтыр Астана қалалық білім басқармасы жалпыға бірдей мектеп формасының негізгі талаптарын бекітті. Бастысы, ол қою көк түсті және классикалық үлгіде болуы тиіс. Ұлдарға арналған мектеп киімінің жиынтығында пиджак, жилетка, шалбар, ақ көйлек, сондай-ақ салқында киетін тоқыма кеудеше болуы керек. Ал қыздарға арналған мектеп формасының тізімінде пиджак, жилетка, белдемше, шалбар, ақ жейде және сарафан бар.

Жазира Асанова, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Мектеп формасында білім мекемесінің эмблемасы болуы қажет. Ол эмблеманы ата-аналар мектептен немесе мектептің сайтынан жүктеп алса болады. Мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптардың тізімі біздің білім басқармасының сайтында орналасқан. Сол жақтан ата-аналар қарап, толығырақ танысса болады.

Мектеп формасын сататын дүкен иесінің айтуынша, сауда 10 тамыздан кейін қызады. Қазірдің өзінде дүкенге күніне шамамен 50-ге жуық адам келеді.

Бейбіт Құлшықбаева, кәсіпкер:

- Міндетті түрде мақта болуы керек құрамында. Трикотажда да, үстіне киетін жемпірде, белдемшелерде арасында таза табиғи материал болуы керек. Өйткені аллергия болмайды. Маталарды біз Түркиядан аламыз. Петропавлда тігеміз. Ал дайын блузканы алатын болсақ шетелден оны міндетті түрде сертификациядан өткіземіз.

Еліміздің әрбір аймағындағы мектеп формасының бағасын салыстыратын болсақ көш басында Астана тұр. Өңірдегі тілшілеріміздің мәліметі бойынша әзірге ең арзан киім Ақтауда. Ал ата-аналардың айтуынша, балаларды оқу жылына дайындап, мектеп формасын сатып алуға кемінде 10-15 мың теңге қажет.

Осы категория бойынша: « ШҚО тұрғындары латын әліпбиін үйренудің пилоттық жобасына қатыса алады Биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы