364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысы бойынша 139 балл жинаған түлектің таңдаған мамандығы белгілі болды

  • 283
  • UPD: 18:26, 07.08.2018

Түркістан облысында биыл Ұлттық бірыңғай тест сынағының орташа балы 79,6 құрады.

Биыл өңірде мектепті 33765 оқушы тәмамдаған. Ал облыс бойынша ең жоғары 139 балды жинаған сарыағаштық Ақерке Тастан Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне оқуға түсті. Ол Сарыағаш ауданындағы №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі. Болашақ ақ халатты абзал жан жоғары оқу орнында 8 жыл білім алып, көмекке зәру жандарға қол ұшын созуды мақсат тұтады. Жалпы алғанда өңірде 135 балдан жоғары көрсеткішке 29 оқушы қол жеткізген.

Ақерке Тастан, грант иегері:

- Кеше ғана гранттар тізімі шықты. Содан өзімді көре алдым. Алдағы уақытта жақсы білім алып, ақ халатты абзал жандардың қатарына қосыламын деп сенемін.

Осы категория бойынша: « Еліміздің кей өңіріне мектеп оқулықтары уақытылы жеткізілмей қалуы мүмкін Елордадағы «Нұр әлем» павильонында роботтар балы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы