364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі қаржыға зәру

  • 186
  • UPD: 08:01, 09.08.2018

Алматыдағы қант диабетіне шалдыққандарға арналған мектеп осы жылы қаржыландырылмаған.

Бұл туралы журналистермен кездескен Қазақстан Республикасы диабеттік ағарту қорының атқарушы директоры мәлімдеді. Мектеп 2013 жылы аталған қордың жанынан құрылған. Тек Алматы емес, республика бойынша қызмет етеді. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен бағдарламасы аясында бес жылдан бері мұнда екі жарым мың науқас тегін оқытылған. Нәтижесінде келушілердің 87 пайызы қант диабетінің қауіпті салдарынан арылды.

Айта кетейік, елімізде қазір 300 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан. Ал өткен жарты жылда 10 мыңнан аса адамның қант құрамы артып, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. 

Наталья Тукалевская, ҚР диабеттік ағарту қорының атқарушы директоры:

- Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша көптеген ақпараттық материал шығардық. Қаладағы барлық науқастар диабетті бірқалапты ұстау туралы күнделіктермен қамтылған. Ол қант диабеті алғаш анықталған адамдарға арналған.

Осы категория бойынша: « Астанада халықаралық «Бурабай форумы» өз жұмысын бастады «Бурабай форумның» қорытындысы бойынша қарар қабылданады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы