367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бурабай форумның» қорытындысы бойынша қарар қабылданады

  • 218
  • UPD: 15:34, 10.08.2018

Әлқиссасы Астана басталып Бурабайда жалғасқан жас ғалымдар форумы бүгін өз мәресіне жетеді.

ТМД-ның сегіз елінен жиналған зерттеушілер үш күн бойы ғылым және білім саласындағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Дәстүрге айналған «Бурабай форумның» биылғы ерекшелігі қандай?

Биыл екінші рет ұйымдастырылған форумның былтырғыдан негізгі үш артықшылығы бар. Біріншіден, жиынның географиялық ауқымы кеңейді. Екіншіден, форумның күн тәртібі мен талқыланатын тақырыптар аясы артты. Сонымен қатар жас ғалымдардың жиынына мемлекеттік органдардың басшылары да қатысып жатыр. Сәйкесінше, шараның маңызы да артты.

Ермек Тоқтаров, ҚР Сүлеймен Демирел университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы:

Төрт секция бойынша жасаймыз. Біріншісі Еуразия кеңістігінде білім және ғылым сонымен қатар инновациялар саласында ынтымақтастық. Екіншісі физика мен ғылымды талап ететін технологиялар. Үшінші туризм. Төртінші ауыл шаруашылығы мен осы салада қолданылатын иновациялық технологиялар. «Бурабай форум» сияқты шаралар алаңы, біздің ойымызша, жас ғалымдарға пікір алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық бірлескен жобаларды бастамашылық беріп, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Форум барысында ауыл шаруашылығы саласында тың технологияларды пайдалану арқылы өнімділікті арттыру мәселесі де талқыланды. «Бұл ретте Қазақстанның мүмкіндігі мол», - дейді жас ғалымдар. Өйткені ұлан байтақ жеріміздің 50%-ы экологиялық тұрғыдан таза саналады.

Біржан Рахымжанов, ҚазҰАУ жеміс-көкөніс шаруашылығы кафедрасының мегерушісі:

- Көкөніс-жеміс өнімдеріне келетін болсақ, біз негізінен бүкіл әлемде экологиялық таза өнімдеріміз арқылы бәсекелестікке төтеп бере аламыз. Біз қазір органикалық немесе экологиялық таза өнімдердің стандарттарын толығымен қалыптастыруымыз керек. Сонымен қатар лицензия беретін зертханалардың жүйесін қалыптастыру қажет. Осы орайда біз бүгінгі таңда жеміс-көкөніс өнімдері бойынша әлемдік экологиялық таза өнімдер көшбасшысы қатарына айнала аламыз.

Бурабай форумына 40 жасқа дейінгі ғалымдар қатысады. Биылғы басқосуға Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінің зерттеушілері келген. Бүгін олар білікті бизнес тренерлердің шеберлік сыныптарына қатысып, жаңашыл жобаларын кәсіпте кәдеге жаратудың жолдарын меңгереді. Форум қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданады.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Әнуар Тәуекелов

Осы категория бойынша: « Алматыдағы қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі қаржыға зәру Қостанай облысында бес мектеп жабылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы