365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау мектептерінде орыс сыныптарының мұғалімдері жетіспейді

  • 185
  • UPD: 09:32, 12.08.2018

Атырауда орыс сыныптарына мұғалімдердің жетіспеушілігі байқалуда. Бүгінде қаладағы 57 орта мектеп пен 43 білім беру ұйымдарына 305 маман қажет болса, оның 272-сі орыс сыныптарының мұғалімдері.

Жаңа оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті пәніне 79 ұстаз керек. Сондай-ақ бастауыш сынып және химия, математика, физика, биология пәндері ұстаздарына да сұраныс жоғары.  Соңғы жылдары Атырау мектептерінде орыс тілді сыныптарға сұраныс артты. Қоғамдық пікір сауалнамалары көрсеткендей бұл болашақ түлектердің Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірулерімен байланысты болып шықты.  Соңғы 2 жылда мұнайлы өңірде орыс тілді сыныптар қатар артып келеді. Қазір қаланың өзінде 588 сыныпта орыс тілінде дәріс оқытылады.

Алмабек Абдолов, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Осы мәселені шешу мақсатында Орал, Ақтөбе қалаларына білім басшысы барып жәрмеңкелерге қатысып келді. Келем деп отырған түлектер бар. Олар 20-дан кейін келеді деп отырмыз. Қазіргі уақытта есебіміз бойынша 45 мұғалім орыс сыныптарына келеді денп жоспарлап отырмыз. Мұғалімдердің сұрап отырғаны үй мәселесі. Пәтер мәселесі. Оны жергілікті атқарушы билік шешіп береміз дейді.

Осы категория бойынша: « Көкшетаулық жасөспірім халықаралық олимпиададан жүлделі оралды Алматыда білімнің жаңа мазмұны бойынша 12 млн астам оқулық шығарылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы