364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедек балаларға білім беру барысында мектеп психологының маңызы зор

  • 288
  • UPD: 20:27, 13.08.2018

Ерекше мұқтаждықтары бар балаларды инклюзивті әдіспен оқыту маңызға ие.

Бүгінде елімізде 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың дені мемлекеттік мектептерде білім алса, қалғаны үйде немесе мамандандырылған және жеке ұйымдарда оқып жүр. Мамандардың айтуынша, ерекше қажеттілігі бар оқушыларға оқу ордаларында мейілінше жағдай жасау қажет. Мәселен, зағип жандарға арналған оқулықтар әзірлеп, мектеп психологтарының білімін арттыру керек.

Альбина Нестерова, Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің профессоры:

/аударма: Егер баланы үйде немесе мамандандырылған мектептерде оқытса, бұл оның дамуына еш септігін тигізбейді. Сондықтан мұндай балаларды инклюзивті әдіспен оқыту керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарға толыққанды білім беруіміз міндет.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысында жастарға дұрыс бағдар сілтеуші жобалар қолға алынды Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті болып тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы