374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті болып тұр

  • 270
  • UPD: 20:27, 13.08.2018

Әрине бұл түйткілді шешу бірер жылдың жұмысы емес. Уақыт, қаражат қажет. Дегенмен әрекет бар.

Қазір аймақта осындай 27 оқу орны болса, биылғы оқу жылында олардың қатары 3 мектепке азаяды.

Үш ауысымды мектептердің жыры Жетісу өңірі үшін таңсық емес. Жылда айтылады, жылда жаңа мектептер салынады. Бірақ 3 ауысымды мектептердің мәселесі тым баяу шешілуде. Қазір өңірде 22 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Соның төртеуі 3 ауысымды мектептерді жою мақсатында салынуда. Ал 30 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Гүлсара Исағұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Соның ішінде 1 мектепте қазір толығымен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ол Панфилов ауданындағы Лесновка ауылындағы Рақышев атындағы мектеп. Қалған нысандарымыз 1 қыркүйекке дейін беріліп, балалар 1 қыркүйекті жаңа, таза, күрделі жөндеуден өткен ғимаратта қарсы алады деп күтілуде.

Тұрғындары көбейіп, демографиялық жағдайы жылма-жыл артып келе жатқан Талдықорған қаласында мектептердің аздығы байқалады. Сондықтан биыл әрқайсысы 1200 орындық 2 мектептің құрылысы қатар аяқталғалы отыр. Бірі жаңа ықшам ауданнан бой көтерсе, екіншісі шаһардың шеткері аумағындағы елдімекендердің балалары үшін өте қолайлы жерден орын тепкен. Жер көлемі 3 гектардан асатын мектеп қаланың солтүстік-батыс аймағында тұр. Мұнда 175 адам еңбек етуде. Құрылыс материалдарының барлығы Қазақстандікі.

Қанат Әутәліпов, құрылыс жобасының жетекшісі:

- 95 процент жұмыс бітіп тұр. Ішкі бөлікті әрлендіру жүріп жатыр. Оборудованияның барлығын қойып жатырмыз. 20 тамыз күні тапсырамыз мектепті.

Жандос Жолдыханов, Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Ол жерде мектеп басшысының міндетін атқаушы жаңағы директор жұмысын жасап жатыр. Бүгінгі күні 400-ден астам оқушы өтініш білдіріп, жұмыстарын жүргізіп отыр.

Сонымен облыс орталығындағы білім шаңырақтары 26-ға жеткелі тұр. Оларда 30 мыңнан астам шәкірт оқитын болады. Облыста биылдан бастап алдағы 5 жылды қамтитын қадамдық жоспар бар. Ол бойынша 53 мектеп қажеттілікке қарай күрделі жөндеуден өтеді немесе қосымша ғимараттарға ие болады. Қазір 5 мектептің жобалық сметалық құжаттамалары жасалуда.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Мүгедек балаларға білім беру барысында мектеп психологының маңызы зор Түркістан облысындағы барлық мектепке оқулық уақытылы жеткізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы