374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы барлық мектепке оқулық уақытылы жеткізіледі

  • 182
  • UPD: 21:18, 13.08.2018
Түркістан облысындағы барлық мектепке оқулық уақытылы жеткізіледі

Түркістан облысының барлық аудандары жаңа оқу жылына дейін оқулықтармен толық қамтылады.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аудан әкімдеріне осы мәселені тездетіп шешуді тапсырды. Түркістан облысы оқулықтар мен әдістемелік құралдар үшін 4,9 млрд теңге қаржы бөлген. Оның 4,8 млрд теңгесі кітап сатып алуға жұмсалса, 64 млн теңге өңірдегі барлық аудандарға оқулықтарды жеткізіп беру үшін қарастырылған. Бүгінде облыс бойынша аудандарға кітап сатып алу мәселесі шешілген. Бірақ тасымалдаушыcын әлі анықтамаған аудандар бар. Олар Түлкібас, Шардара, Ордабасы және Кентау аудандары.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Түркістан облысының 4 ауданы оқулықтарды тасымалдау бойынша келісім-шарт жасаспағанын айтқан болатын. Соның салдарынан кітаптар уақытында жеткізілмеуі мүмкін екенін ескертіп, жергілікті атқарушы органдардан осы мәселеге назар аударуын сұраған еді.

Жазира Сәрсенбиева, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы

- Сатып алу жүйесі бойынша тасымалдаушыны анықтау үшін конкурс жарияланған. Бірақ жеңімпаз анықталмауына байланысты бүгінде кешеуілдетілген. Бірақ кешегі өткен селекторлық мәжілісте өңір басшысы барлық ауданның әкімдеріне, білім бөлімінің басшыларына шегелеп қатаң тапсырды. Бұл мәселе шеліледі деген жоспарымыз бар. Білім бөлімінің басшылары арнайы хатпен шығып, «біз тамыздың 20-на дейін мәселені шешеміз» деп отыр.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті болып тұр Павлодар облысындағы мектептер үнемділігі жоғары жылу қазандығын орнатып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы