374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқуға түсерде спорттағы жетістігі ескерілмеген түлектердің ата-аналары наразылық танытты

  • 179
  • UPD: 22:41, 13.08.2018

Балалары мемлекеттік грантқа түсе алмаған ата-аналар Қазақтың спорт және туризм академиясының алдына жиналып, наразылық білдірді.

Олар қаршадайынан спортты серік етіп, талай жарыстарда олжа салған ұл, қыздарының оқуға түсе алмай қалғанына қынжылып жүр.

Балаларының ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген ата-аналар бірнеше күннен бері Қазақтың спорт және Туризм академиясының табалдырығын тоздырып жүр. Оған себеп талай аудандық және облыстық жарыстарда оза шапқан ұл қыздары мемлекеттік грантқа ілінбеген.

Гүлнәр Мұратбекова, ата-ана:

- Мен өткен жолы тапсырған кезде бүкіл грамотасын, бүкіл медальдарын жинап келгенмін оларға ешқандайы қосылмаған. Мысалы, үшін спортта жүрген ата-ана түсінеді баласын. 23 келімен  бастады. Кейбір жарыстарда напарник жоқ болған кезде үлкен салмақпен күреседі. Мұрындары да қанайды. Енді ол кімнің баласы спортсмен ол ата атана түсінеді. Ең құрыса сол мұрнының қанаған еңбегінің ақталмағанына, еңбегі  жанбаған ғой. Құлақтары да сынды .   

Сонау Райымбек ауданынан келген Гүлнәр Мұратбекованың ұлы 8 жасынан еркін күресті серік еткен. Республикалық спорт мектебінде білім алып, көптеген жарыстарда жүлделі болған. Бірақ ҰБТ-дан жинаған 115 балы грантқа түсуге жеткіліксіз болыпты. Бүгін жиналған ата-аналар шағымының көпшілігі осындай.   

Мұхтар Есқалиев, ҚазСТА бірінші проректоры:

- Шынымен де бұл жерде ата-аналардың наразылығының орны бар деуге  болады. Неге десеңіз, ел  басының мына 5 әлеуметтік жобасы бойынша осы биылғы мектеп бітіретін түлектерге  20 мыңға қосымша грант бөлінген болатын. Яғни  оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға кетсе қалған 9 мыңы қалған мамандықтар арасында үлестерілген болса, былтырғы жылы  бізде 715 грант бөлімі болған биыл сол екі есеге қысқарып отыр. Яғни 450 ғана.

Елімізде дене шынықтыру және спорт мамандарын дайындайтын 42 жоғарғы оқу орны бар десек, соларға бөлінген 450 мемлекеттік гранттың тек 107-сін ғана спорттық дәрежесі бар талапкерлер иеленіпті.  

Мұхтар Есқалиев, ҚазСТА бірінші проректоры:

- Осы биылғы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 26-тармағы бесінші бабына өзгеріс енгізілді де яғни тек қана балдары тең болған жағдайда яғни жинаған балдары тең болған жағдайда ғана басым құқық иегері бола алады деген заңға өзгеріс еніп кеткен болатын. Яғни спорттағы дарынды талантты балаладың көпшілігі мемлекеттік гранттан тыс қалып отыр.

Гүлнәр Мұратбекова, ата-ана:

- Сонда бұл неге спорт туризм. Неге 120-ақ орын. Осы Қазақстанның атын шығаратын осы спортсмендер емес па, бүкіл көк байрағымызды көкке желбірететін, қазақы шапанымызды көрсететін, қазақ екенімізді мойындатататын. 

Академия ұстаздары мен қызметкерлері жиналға жұртқа түсінік беруге  барынша тырысты. Десе де бұл жауаптар көпшілікті қанағаттандыра қойған жоқ. Енді спортшылардың ата-аналары құзырлы орындардан үміт күтеді.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Ерлан Әбжанов

Осы категория бойынша: « Павлодар облысындағы мектептер үнемділігі жоғары жылу қазандығын орнатып жатыр Зерендідегі лагерьде түрлі салада табысқа жеткен тұлғалармен кездесу өтіп тұрады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы