368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жоғары оқу орындары автономды болуға дайын

  • 217
  • UPD: 08:20, 14.08.2018
Елімізде жоғары оқу орындары автономды болуға дайын

Астанада еліміздің әр өңірінен келген оқытушылар тамыз кеңесін өткізіп, осындай ойларын ортаға салды.

Жиында өткен оқу жылы қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар пысықталды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселе жоғары оқу орындарының жаңа жұмыс жүйесіне көшуі.

Айта кетейік, бір ай бұрын Мемлекет басшысы жоғары білім ордаларының академиялық автономдылығы жөнінде заңға қол қойған болатын. Жаңа ереже бойынша, институттар мен университеттер оқу бағдарламаларын өздері құрып, оқу бағасын және студенттерді қабылдау тәртібін өздері белгілейді.    

Бану Нарбекова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары:

- Әлбетте стратегиялық, үйлестіру бағытын ҚР БҒМ беріп отырады. Ал маман дайындаудағы жауапкершілік тікелей университеттерге жүктелмек. Сондықтан биылдан бастап жоғары оқу орындары білім бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірге ақылдаса отырып құрады. Еңбек нарығы мен білім беру саласы үндесіп әрекет ету керек.

Осы категория бойынша: « Зерендідегі лагерьде түрлі салада табысқа жеткен тұлғалармен кездесу өтіп тұрады Оралда ұстаздардың тамыз кеңесіне қатысты шара кәсіпорында өткізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы