364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда ұстаздардың тамыз кеңесіне қатысты шара кәсіпорында өткізілді

  • 300
  • UPD: 08:07, 15.08.2018

Оралда «Өндірістегі құзыреттілікке бағдарланған тәлімгерлік - студенттердің  сапалы кәсіптік даярлығының ресурсы»  тақырыбы талқыға түсті.

Ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңесі аясындағы шара алғаш рет жергілікті өндіріс орнының базасында ұйымдастырылды. Мақсат –  кәсіптік-техникалық білім алып жатқан жас мамандарды дайындауда тәлімгерлік мектебінің ролін күшейту. Бұл ретте кәсіптік білім беру жүйесі мен өндіріс ошақтарының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, іс-қимыл жасауы маңызды. Кеңестің секциялық жұмыстары барысында кәсіптік білім саласының мамандары мен болашақ жас мамандар өңірдегі трансформатор шығарумен айналысатын іргелі кәсіпорынмен жақынырақ танысты. Қазір жергілікті оқу орындарын тәмамдаған 15-ке жуық түлек осы зауыттан екі қолға бір күрек тапқан. «Қазіргі таңда аймақта дуалды оқыту бойынша осындай 78 кәсіпорынмен 122 келісімшарт жасалды. Оның шарапатын 1657  студент білім алып жатқан 27 колледждің білім беру жүйесі көріп отыр»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.   

Мақсат Өселбаев, зауыттың техникалық директоры:

 - Біз дуальды обучение бойынша жас мамандарды практикаға қабылдаймыз. Оларды осы зауытта станоктар бар, наставниктер үйретеді. Практикадан жақсы өткен студенттерді біз жұмысқа қабылдаймыз. Бүгінгі таңда 15-20 пайызға жуығы жұмысшылардың бәрі колледж және университет бітірушілері.

Сағынбек Жұмагереев, облыстық білім басқармасының бас маманы:

 - Біздің колледж студентері тек ғана теориялық білім алып қоймай сонымен қатар тәжірибелік білім дағдыларын жинақтау керек. Ол үшін енді біздің әлеуметтік әріптестердің көмегінсіз біз ол мәселені шеше алмаймыз. Сол себептен әлеуметтік әріптестермен бірлесіп солардың өндірістік базасында қажетті жағдайлар ұйымдастырылған. Соның арқасында біздің колледждер студенртері замануи техникада жақсы тәжірибе жинап, маман боларына сенімдіміз.

Осы категория бойынша: « Елімізде жоғары оқу орындары автономды болуға дайын Талдықорғандағы білім ордаларының бірінде шәкірттердің бәрі грантқа оқуға түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы