374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зерендідегі мектеп-интернат 40 жылдан бері биыл жөнделіп жатыр

  • 167
  • UPD: 10:31, 15.08.2018
Зерендідегі мектеп-интернат 40 жылдан бері биыл жөнделіп жатыр

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы 40 жыл бойы жөндеу көрмеген жалғыз қазақ мектеп-интернаты толықтай қалыпқа келтіріліп жатыр.

Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 300 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Осылайша 1970 жылдары салынған екі қабатты ғимарат бүгінде адам танымастай өзгеріп келеді. Мектепке есімі берілген Мәлік Ғабдулиннің ескерткіші де абаттандырылған. Білім ошағында жыл сайын 300-ден астам бала тәлім алады. Мұнда жергілікті оқушылардан бөлек, маңайдағы мектебі жоқ шағын 10 шақты ауылдың балалары да келіп оқиды. Күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек мектеп жанынан жаңа спорт зал да салынып жатыр. Себебі бұрын оқушылар дене шынықтыру пәнін мәжіліс залында өткізуге мәжбүр болған еді. Енді алдағы жылдары бастауыш сыныптар корпусы мен жатақхана да мектеп секілді толықтай қалыпқа келтіріледі, - дейді ұстаздар. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін бітеді. 

Гүлнәр Қанимағамбетова, мектеп директорының міндетін атқарушы:

- Өткен жылдары балаларға арналған жатақханада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шатыры ауыстырылды, терезелері жаңаланды. Пластик терезелер салынды. Есіктері ауыстырылды және линолеумдар төселінді. Бастауыш корпус бізде бөлек. Бастауыш корпусқа қазіргі таңда батареялары алынып, жаңартылып жатыр және сонымен қатары терезелері ауыстырылады деп күтілуде.

Осы категория бойынша: « Сингапурдағы олимпиадаға онлайн қатысқан оқушылар медаль жеңіп алды Студенттер Бас прокуратура тапсырысымен адамның кескінін анықтаушы қосымша жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы