365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтіп жатыр

  • 313
  • UPD: 15:37, 17.08.2018

Жылда жаңа оқу жылы басталар алдында өтетін жиында білім саласындағы жаңашылдықтар айтылып, саладағы басты мәселелер талқыланады.

Жиынға қатысу үшін педагог еліміздің түкпір-түкпірінен елордаға арнайы келді. Бүгін олардың алдында еліміздің бас ұстазы Ерлан Сағадиев баяндама жасап, білім беру саласындағы басты жаңашылдықтарды саралайтын болады. Бұған дейін конференция шеңберінде түрлі секциялық отырыстар өтті. Онда сала мамандары биылғы оқу жылындағы басты жаңашылдықтарды талқылаған болатын. Мәселен, биыл білім берудің жаңа бағдарламасына сәйкес орта мектептердің мұғалімдері аттестация тапсырған болатын. Ал қараша айынан бастап психологтар да тиісті сынақтан өтеді. Айтпақшы, биыл дефектолог мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылып, 400 грант бөлінді. Себебі, елімізде дамуында кемшілігі бар балалармен жұмыс жасайтын осындай кадрлар жетіспейді. Сондай-ақ бұған дейін Білім және ғылым министрі кейбір білім ошақтары қажетті оқулықпен қамтамасыз етілмей қалуы мүмкін екенін айтты. Бірақ іле-шала жергілікті жерлердегі атқамінерлер есеп беріп, кітаптар дер кезінде беріледі деп сендірді. Міне, бірер күннен кейін жаңа оқу жылы да басталады. Уәденің қаншалықты орындалғанын сол кезде бағамдайтын боламыз. 

Жуырда ғана Елбасы жоғары білім ордаларының академиялық автономдылығы жөніндегі заңға қол қойған болатын. Жаңа ережеге сәйкес, институттар мен университеттер оқыту бағдарламаларын құрып, оқу бағасын және студенттерді қабылдау тәртібін өздері белгілейді. Демек енді маман дайындаудағы жауапкершілік тікелей университеттерге жүктелмек.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Осы категория бойынша: « Өлкетану пәнін оқытуға 20 сағат бөлінген Еліміздегі ЖОО-лар дайындаған мамандардың жұмысқа орналасу рейтингі бойынша бағаланады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы