365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО мектептерінде 15 IT-сыныбы ашылмақ

  • 222
  • UPD: 08:23, 19.08.2018

Жаңа оқу жылынан бастап Батыс Қазақстан облысының 12 ауданында бір-бірден және Орал қаласында 3 IT-сыныбы ашылмақ.

Ақпараттық технология кластарында балалар 3D жобалау мен бағдарлама жасауды, робот техникасының негіздерін меңгереді. Компьютерлік ойындар мен web-cайт жасау жолдары да үйретіледі. Осыған орай информатика пәнінің мұғалімдері арнайы курстарда өз білімдерін жетілдіріп жатыр. «Нұр Отан» партиясы мен Білім министрлігінің бірлескен жобасы аясында биыл өңірдегі 380 орта мектеп «Bilim book» электронды жүйесімен жабдықталды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 375 миллион теңге қаралған.

Ерлан Өтеғали, информатика пәнінің мұғалімі:

- «Жаңа білім алып жатырмыз. Біздер Arduino роботы бойынша білмеуші едік. Осы бағдарлама бойынша және Autodesk бағдарламасы бойынша білімімізді толықтырып, сапалы білім алып жатырмыз деп ойлаймын. Енді осыдан қосымша алған білімдерімізді оқушыларға беріп, одан әрі оқушылар IT-бағдарламаны игеріп шығады.

Осы категория бойынша: « Қарағандылық 60 оқушы еліміздің батыс өңіріне саяхаттап барды Астанада «Мектепке жол» аясында балаларға оқу құралдары таратылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы