365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Мектепке жол» аясында балаларға оқу құралдары таратылды

  • 564
  • UPD: 22:46, 19.08.2018

«Мектепке жол» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан елордалық мектеп оқушыларына көмек қолын созды.

60-қа тарта бала ЭКСПО көрмесін тегін аралап, мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бүлдіршіндер қуыршақ театрының өнерін де тамашалады. Жалпы партияның «Бірлік» филиалы Астана бойынша жыл сайын шамамен 650 балаға көмек көрсетіп келеді. Қайырымдылық шарасына кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдар қолдау жасайды.

Шыңғысхан Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Қаласа көп балалаы отбасылар фейсбук, әлеуметтік желілер, инстаграмм арқылы Нұр отан партиясы «Бірлік» филиалына өтініш білдірсе болады. Одан бөлек біз Тәуелсіздік 3 ғимараты арқылы сол жерге барып өтініші білдіріп, өздерінің балаларының тізімдерін, қай сыныпқа баратынын айтса біз қолдан келгенше кәсіпкерлердің, ұйымдардың негізінде көмек көрсетеміз.

Зибагүл Қуандықова қала тұрғыны:

- Бізге хабарласып, шақырып балдарымыздың көңілін көтеріп, ЭКСПО-да қыдырдық. Көп көп рахмет! Сыйлықтар беріп жатыр.

Осы категория бойынша: « БҚО мектептерінде 15 IT-сыныбы ашылмақ Тараздағы саябақтарда ағылшын тілі тегін үйретіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы